Созақ ауданында «Жігіт сұлтаны-2019» байқауы өтті
Жастар жылына орай және Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқауда ауданның Шолаққорған, Таукент, Сызған, Құмкент, Бабата, Аққолтық, Жартытөбе ауылынан келген үміткерлер өз бағын сынады. Қатысушылар сәлемдесу, өз өнері және сұрақ-жауап сайыстарынан өнерлерін көрсетті. Таныстыру кезеңінде жігіттердің білім, біліктілігі, сөз саптау, сөйлеу мәнері сыналды. Бұл турда шаршы топтың алдына шығып тосылғандар да болды, арыны қатты ақындар да болды. Өз өнерін көрсетуде өзгелерден ерек болғандар елдің қошеметіне бөленді. Жігіттер сондай–ақ, көздерін байлап қару жинаудан жарысты. Аталған сайыстардан оқтай озып шыққан жеңімпаздар байқаудың келесі кезеңіне жолдама алып, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпаздары қатарынан Дархан Абдрахманов пен Айдос Сарманұлы, Бауыржан Амановтар табылды. Өзге қатысушылар да арнайы тиісті деңгейде марапатталды. Жеңімпаздармен жүлдегерлерге ауыл округ әкімі Болат Есенқабыл арнайы сыйлықтар тапсырды.
Айнұр Ақбаева