Орталықтағы науқас балаларды келе жатқан ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтаған полицейлер оларға аяқ пен қолға массаж жасайтын құрал мен велоқұрылғы, сондай-ақ тағы да басқа сыйлықтарды тарту етті. Балаларға мықты денсаулық пен мол қуаныш тілеген сақшылар алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табатынын ерекше айтып өтті. Себебі, Наурыз - жаңару мен достықтың, бейбітшілік пен еңбектің мерекесі. Бұл күндері ізгі тілектер айтып қана қоймай, мұқтаж жандарға көмек қолын созудың маңызы зор.
Өз кезегінде орталық қызметкерлері мен тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары Созақ АПБ полицейлеріне уақыттарының тығыздығына қарамастан арнайы көңіл бөліп, сыйлық алып келгені үшін алғыс айтты.