Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Созақ АІІБ полицейлері күдікті ретінде Созақ ауданы мен Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында ұсталғандар жанғыш заттар қоймасында жұмыс істеп, дизель отыны ұрлығымен айналысқаны анықталды. Олар ұрланған жанар-жағармайды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 30 миллион теңгені құрады.
Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.