Созақта екі балабақша пайдалануға берілді - ОҚО
Көктөбе елді мекеніндегі 100 орындық, Шаға елді мекеніндегі 50 орындық балабақша «Балдәурен» деп аталады.
Ескі мектептің ғимаратын алған жергілікті жеке кәсіпкер А.Шегебай, балабақшаға лайықтап жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нысанды барлық талаптарға сай жабдықтаған. Балалардың тәрбие мен білім алуына барлық жағдайлар жасалған мекемеде музыка залы, медициналық кабинет, қажетті ойыншықтардың барлығы бар.
«Созақ ауданында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының орындалуы 81,3 пайызды құрап, 3026 бала тәрбиеленуде.
Жыл соңына дейін тағы балабақаша ашуды жоспарлап отырмыз. Балалар - біздің болашағымыз. Жас өскін ұрпақтың жарқын күлкісіне толатын балабақшаның ашылуымен барлығыңызды құттықтаймын», - деді мекеменің салтанатты ашылу сәтінде сөз алған аудан әкімі М.Исаев. Пайдалануға берілген екі балабақшада жергілікті 35 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етілді. Жақында мұнда тағы бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда, Созақ ауданында 11 шағын орталық, 21 балабақша жұмыс істейді. Таяуда Шолаққорған ауылында 280 орындық балабашаның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.