Созақта инвестиция құны 400 млн. теңге болатын мал бордақылау кешені салынады
Жиында әкім ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
─ Бұл жоба «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Құрылысы таяу арада басталатын жоба аудан экономикасына серпін беріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту жоспарланды. Сонымен қатар, ауданда түйе сүтін өндіретін кооператив құруды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда, цех орналасатын ғимарат белгіленіп, несие алуға қойылатын кепіл құжаттар мен кооперативтің жарғысы дайындалуда, - деді М.Исаев.
Айта кететін жайт, ауданда мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында мектеп пен балабақша салуды да жоспарлануда. Сонымен қатар, брифингте аудан басшысы өткен жылғы негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтті.
Оның айтуынша, өткен жылы ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 224 млрд. 646 млн. теңгені құраған. Оның ішінде: өнеркәсіп саласының үлесі 204 млрд. 19 млн. теңгені, ауыл шаруашылық саласының үлесі 9 млрд. 31 млн. теңге, құрылыс саласының үлесі 10 млрд. 303 млн. теңгені құрайды. Ал аудан экономикасына 46 млрд. 149 млн. теңге инвестиция тартылған.