Кәсіпорында уранды тұндыру бойынша аффинаждық цех, уран оксиді тотығын контейнерге түсірудің роботтандырылған кешені және дайын өнім қоймасы бар. «Казатомпром-Sauran» ЖШС табиғи уран өндірісін Түркістан облысында орналасқан «Қанжуған», «Орталық Мойынқұм» және «Мыңқұдық» кен орындарында жүргізеді.
Ал, Таукент кентіндегі «КАТКО» қазақ-француз бірлескен кәсіпорны Төртқұдық жаңа зауытының құрылысын жүргізіп жатыр. «Катко» қазақ-француз бірлескен кәсіпорны 1996 жылы Созақ ауданының аумағындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарын игеру мақсатында іске қосылған. Сол жылдардан бастап өндіріс орны мемлекеттік саясатын жүзеге асырып, еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізуде. Уран өндіруде көшбасшы кәсіпорын өңірдегі әлеуметтік жобаларға да демеушілік танытуда.
Қазіргі уақытта кәсіпорын құрамында уран және пайдалы қазбаларды өндіру, тасымалдау, сақтау сияқты қызмет түрлерімен айналысады. Мұнда 1327 адам жұмыспен қамтылған. Оның 50 пайызға жуығы, яғни 611 адам – Созақ ауданының жергілікті тұрғындары.
КАТКО 2009 жылдан бері жергілікті экономикаға 4,8 миллиард теңгеден астам инвестиция құйған.