Сөзжұмбақтар британдықтарға дағдарыстан аман-сау өтуге көмектесуде

None
ЛОНДОН. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат – Британдықтардың пікірінше, сөзжұмбақтар шешу - қаржылық дағдарыстан туындаған бүгінгі күрделі кезеңнен аман-сау өтіп, жүйкенің жұқаруынан құтқаратын ең үздік тәсіл көрінеді.
Британдық басылымдардың жазуынша, Chevrolet компаниясының қызметкерлері елдің түкпір-түкпірінде тұратын мыңдаған британдықтардың арасында жақында жүргізген зерттеулері осындай нәтиже беріп отыр. Ой дамытушы өзге ойындарға қарағанда, осынау классикалық басқатырғышқа басымдық беретін Тұманды Альбион тұрғындарының ықыластары әлі де өзгермеген көрінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Респонденттердің 86 пайызы осылай деп санайды екен. Атап айтқанда, олардың 76 пайызы, сөзжұмбақ шешуді - экономикалық проблемалардан туындап отырған бұлыңғыр ойларды уақытша болса да ұмытуға көмектесетін бірден-бір ойын деп санайды. Оған қоса, шығыс Англия тұрғындарының 52 пайызы жоқ дегенде, аптасына бір рет қолдарына сөзжұмбақ алады екен, ал оңтүстік-шығыс аймақта әуесқойлардың 34 пайызы бос уақыттарын торкөздерді толтырумен айналысатын көрінеді.