SpaceX алғаш рет Starship кемесін Жер орбитасына шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — SpaceX компаниясының Starship ғарыш кемесі алғаш рет Жер орбитасына шығып, Starlink жерсеріктерін ғарышқа шығарды, деп хабарлайды BBC .

Фото: SpaceX

Ұшыру 28 қыркүйекте Техастағы Starbase ғарыш айлағынан жүзеге асырылды. Бұл Starship кемесінің 14-ші сынақ ұшуы болды. Бұған дейінгі барлық ұшырулар суборбиталық траектория бойынша орындалған.

Ұшырылғаннан кейін Starship кемесінің жоғарғы сатысы Super Heavy үдеткішінен бөлініп, ол кейін Мексика шығанағына қонды.

Ұшырылымнан шамамен 18 минут өткен соң қозғалтқыштардың бірі істен шыққан, алайда SpaceX мамандары ұшуды жалғастыруға рұқсат берген. Ұшырылымнан жарты сағат өтпей жатып, кеме алғаш рет Жер орбитасына шықты.

Осыдан кейін Starship 26 Starlink V3 жерсерігін ғарышқа сәтті шығарды.

Ұшу экипажсыз жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойынша кеме Жерді бірнеше рет айналып ұшқаннан кейін Тынық мұхитына қонады.

Бұған дейін SpaceX АҚШ-та Starship үшін жаңа ғарыш айлағын салатыны хабарланған болатын.