АСТАНА. KAZINFORM – Ғарышкерлердің жерге оралуы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлады Түркия Радио Телевизия порталы.
Аталған БАҚ-тың дерегінше, құрамында Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы бар «Axiom-3» командасының Жерге оралуы қайтадан кешікті. Ғарышкерлердің Жерге оралуының кешігуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
Бұл туралы «SpaceX» компаниясы Халықаралық ғарыш стансасынан хабарлаған.
«Хабарламада «Америка Құрама Штаттарының Флорида штатында ауа райының қолайсыздығына байланысты ғарышкерлер Халықаралық ғарыш стансасынан шығуын кешіктірді. Ауа райын бақылауды жалғастырамыз» деп жазады «TRT».
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан