Илон Маск сайлауда Трампты белсенді түрде қолдады және Трамп әлемдегі ең бай адамды мемлекеттік қызметтегі шығындарды азайтумен айналысатын департаментке басшы қылмақшы.
Starship жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де жер шарының жартысына сынақ рейсімен ұшты.
Super Heavy зымыран-тасымалдағышы кемені жылдамдатып, бірнеше минуттан кейін бөлініп, Мексика шығанағына сәтті құлады. Бұл жолы алдыңғысынан айырмашылығы, SpaceX техникалық себептерге байланысты оны платформаға қондырмауға шешім қабылдады.
Starship ұшуын жалғастырып, жоспардағыдай 45 минуттан кейін Үнді мұхитына құлады