SpaceX мұхиттағы тұғырнамаға үшінші мәрте зымыранды сәтті қондырды
09:19, 28 Мамыр 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Falcon 9 зымыранының бірінші бөлігі пилотсыз теңіз платформасына сәтті қонды, деп хабарлайды slon.ru.
Falcon 9 зымыран-тасығышы АҚШ-тың Флорида штаты Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан бүгін түнде сағат 3:40-та ұшырылған.