Бастапқыда ұшыру сейсенбі, 27 тамыз күні таңертең Флоридадағы (АҚШ) NASA-ның Кеннеди ғарыш орталығынан жоспарланған болатын.
SpaceX хабарлауынша, командалар гелийдің ағып кетуін толығырақ зерттеп жатыр.
«Экипаж Жердің төменгі орбитасында көпкүндік миссияға дайын. Келесі ұшыру мүмкіндігі сәрсенбі, 28 тамыздан ерте емес», - деп хабарлады SpaceX дүйсенбі күні кешке X әлеуметтік желісінде.
Polaris Dawn – миллиардер кәсіпкер Джаред Айзекман ұйымдастырған Polaris бағдарламасы бойынша жоспарланған үш миссияның біріншісі.
Айзекман – Polaris Dawn миссиясының командирі. Экипаж құрамында АҚШ әуе күштерінің подполковнигі Скотт Потит, сонымен қатар SpaceX инженерлері Сара Гиллис пен Анна Менон бар. Айзекман мен Гиллис миссияның үшінші күні ғарышқа саяхат жасайды.
Еске сала кетсек, SpaceX негізін қалаушы, бас директоры және бас инженері – америкалық кәсіпкер және миллиардер Илон Маск.
Бұған дейін SpaceX ғарыштық туризмге өтінімдерді 2024 жылы қабылдай бастайды деп хабарланған болатын.