Бүгін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дәстүрге айналған финалдық ойындардың көрсетілімі болды.
Еске сала кетсек, 15 желтоқсанда Мәскеуде КВН ойындары Жоғары лигасының финалы өтті. Ойынға Юлий Гусман, Татьяна Навка, Михаил Галустян, Семен Слепаков, Сергей Гармаш, Андрей Бурковский қазылық етті.
Ойын нәтижесінде бірінші орынды «Спарта Номад» (Астана), екінші орынды «Радио Свобода» (Ярославль) иеленді, ал үшінші және төртінші орындарды «Плюшки» (Тверь) мен «Раисы» (Иркутск) бөлісті. Алғашқы бестіктен «Сборная Большого Московского Государственного Цирка» (Мәскеу) көрінді. «Спарта Номад» (Астана) чемпион атанды.
Айта кетейік, қазақстандық КВН командасы Жоғары лигада алғаш рет топ жарып отыр.