«Жиын барысында офицерлердің жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттерін, моральдық-психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруға, заманауи ұрыстың шынайылығына сәйкес шығармашылық ойлау мен бастамашылдықты дамытуға ерекше мән беріледі», - деп түсіндірді жиын жетекшісі Юрий Асқаров.
Оның айтуынша, бұл сабақтар «Астана» өңірлік қолбасшылығы бөлімдері мен бөлімшелерінің ұдайы жауынгерлік әзірлігін ұстап тұруға көмектеседі. Мұндай жиынның арқасында әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін шебер әрі сенімді орындау үшін кәсіби даярлықтарын шыңдайды. Сонымен бірге офицерлер, батальон командирлері мен штаб бастықтары үшін жиын өткізу - бұл теориялық білімді бекітудің, негізгі оқыту пәндері бойынша басшылық құжаттардың талаптарымен танысудың, сондай-ақ қызметтік тапсырмаларды жүзеге асыру үшін пайдалы ақпарат алудың нағыз мүмкіндігі.
Жиын қорытындысы бойынша батальон командирлері мен штаб бастықтарына жауынгерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз етудің барлық түрлері бойынша тестілеу тапсыру қажет болады. Соның нәтижесінде жиынды ойдағыдай аяқтаған үздік әскери қызметшілер анықталады.