Спидвей бойынша әлем чемпионы жарыс кезінде мерт болды
10:23, 14 Мамыр 2012
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Спидвей бойынша әлем чемпионы, 33 жастағы британдық Ли Ричардсон Польшаның Вроцлавындағы жарыс кезінде опат болды, деп хабарлайды Утро.ру.
Жергілікті дәрігерлердің ақпаратынша, жарысушы кеуде қуысына ауыр жарақат алды және көп ұзамай ауруханада көз жұмды.
Британдық спидвей қауымдастығы оның отбасына көңіл айтып, спортшының қайтыс болуы туралы ресми мәлімдеме жасады.
Ричардсон бұған дейін 21 жасқа дейінгі жас ерекшелігіндегі мотожарыстар бойынша әлем чемпионы болған.