Қазақстан астанасы беделді және өте тартысты "мұз гладиаторларының" жарысын алғаш рет өткізгелі отыр. Қазақстанның спидвейден әлем чемпионатын өткізуден үлкен тәжірибесі бар. Соңғы үш жылда жарыс аңызға айналған "Медеу" мұз айдынында сәтті өткен болатын.
Қазақстан астанасына 2018 жылдың маусымындағы бес финалдың стартын бастауға сенім білдірілді. Қалған финалдық ойындар дәстүрлі түрде Ресей, Германия, Голландияда өтеді.
Билеттер Тикетон сайты мен Меломан дүкендер желісінде сатылуда.