АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 қаңтар күні Словакияда өтіп жатқан қысқы универсиада қазақстандық шаңғышы Анастасия Слонова үшін аса сәтті болды.
А.Слонова еркін әдіспен 15 километрге жарысуда үздік шықты. Ол мәреге екі шақырымдай қалғанда, өзімен тайталасып келе жатқан ресейлік Светлана Николаева мен поляк Эвелина Маркестен қара үздіріп кетті. Бұл - осымен А.Слонованың төртінші медалі. Ол универсиадада қос алтын, екі күміс жүлдені жеңіп алып отыр. Айта кетейік, қоржынында қазір үш алтын, төрт күміс медаль бар Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте бұрынғыша екінші орында келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).