«Спорт-анонс» деп аталатын ақпараттық-жарнамалық жаңа газет шығады

None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жақын арада «Спорт-анонс» деп аталатын ақпараттық-жарнамалық жаңа мерзімді басылым жарық көреді.
Оны «Қазақстан спортын дамыту қоры» Қоғамдық қоры директорының міндетін атқарушы Владимир Лысенко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстан спортын дамыту қоры» ҚҚ 2007 жылдың сәуір айында құрылған болатын. Мақсат - елдегі спорттық мәдениетті жандандырып, балалар мен жасөспірімдер спортын және кәсіби спорт клубтарын дамытуға үлес қосу. «Қазақстанда спорт негізінен мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Ол өз деңгейінде болу үшін бұл шараға жеке құрылымдар өз тарапынан қолдау көрсетуі керек. Кәсіби спорт клубтарын құру мен дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбесе еліміздегі спорттың өсіп-өркендеу үрдісі баяу жүруі мүмкін. Сол себепті еліміздегі спорттық жарыстар туралы жұртшылыққа ақпарат беріп, оған олардың көптеп қатысуына ықпал жасау мақсатында жақында ақпараттық-танымдық жаңа газет жарық көргелі отыр. Ол «Спорт-анонс» деп аталуы мүмкін», дейді «Қазақстан спортын дамыту қоры» Қоғамдық қоры директорының міндетін атқарушы Владимир Лысенко. Оның пайымдауынша, ел тұрғындарының отаншылдық рухын нығайтып, біріктіруде спорттың үлесі өте қомақты.