Аталған турнир - жыл сайын ИСУ (халықаралық коньки тебу одағы) кестесіне енетін жарыстардың бірі. Дүбірлі додаға қатысушылар жекелей сырғанау, жұптасып сырғанау және мұз үстіндегі би бағдарламалары бойынша бақ сынайды.
Онда спортшымыз Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы болды. Элизабет бұл жеңісін Қазақстан балаларына арнап, отандастарын Жаңа жылмен құттықтады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Элизабет енді наурыз айының басында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысады.