СПОРТ: Эстониялық велошабандозбен келісімшартқа қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Pro Team» велокомандасы эстон велошабандозы Рэйн Таарамяэмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады astanafans.com. порталы.

«Рэйн Таарамяэмен 2015 жылға келесімшартқа қол қойғанымызды қуана хабарлаймыз. Эстониялық шабандоз біздің командамызда өзін жан-жақты көрсетіп, шеберлігін танытады деп ойлаймыз. Танел Кангерт жерлесі сияқты ол Винченцо Нибали и Фабиу Аруға көмектеседі деп сенеміз», деп жазады А.Винокуровтың порталында.

Таарамяэ 2015 жылға қой қойған бесінші шабандоз.