«Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде спорт федерацияларын аккредиттеу мәселесін реттеу көзделген. Атап айтқанда, уәкілетті орган республикалық федерацияны аккредиттеу үшін қойылатын талаптардан ұлттық олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада, Азиада кеңесі тарапынан тану өлшемшартын алып тастауды, өңірлік федерация (бірнеше өңірде жұмыс жасайтын) ұғымынан бас тартуды және жергілікті федерациялардың республикалық федерациялардың құрамында болу талабын енгізуді қарастырып жатыр», -делінген Үкімет басшысының жауабында.
13:48, 19 Желтоқсан 2022
Спорт федерацияларын аккредиттеу мәселесі реттелмек
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жергілікті спорт федерацияларына республикалық федерация құрамында болу міндеттеледі. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.