Спорт күніне орай Астана қаласында өтетін іс-шаралар бағдарламасы

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі.

Осы мерекеге орай бас қаламыз - Астанада Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін іс-шаралар тізімін ұсынамыз.

* * *

15 тамыз
Сағат 10.00 - Жасөспірімдер арасындағы футбол, жеңіл атлетика, эстафета жарыстары («Достық» СК).

Сағат 15.00-16.00 - «Жасөспірімдер спорты: қазіргі жағдай, проблемалары, келешектегі дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы («№3 БЖСМ»).

Сағат 10.00-13.00 - Шағын футболдан және стритболдан жарыстар («Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы).

Сағат 11.00 - Шахматтан «Қайсар» клубының біріншілігі (Соқырлар қоғамының оқу-өндірістік мекемесі).

16 тамыз
Сағат 15.00 - «Еліміздегі ат спорты түрлерінің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы (Көктал кенті, Лесная көшесі).

Сағат 16.00-19.00 - «Барыс» спорт кешеніндегі «Ашық есік» күні шарасы.

16-17 тамыз
Сағат 10.00-14.00 - Жағажай волейболы және үстел теннисінен мерекелік турнир («Алау» мұз айдыны сарайы).

17 тамыз
Сағат 10.00 - «Президенттік миль» бұқаралық спорттық шарасы («Бәйтерек» монументі алаңы).

Сағат 10.00- «Өмір нәрінен ләззат ал!» акциясы аясындағы функционалдық жаттығулар («Бәйтерек» монументі алаңы).

Сағат 10.00- Есіл ауданы еңбек ұжымдары арасындағы футболдан жарыс (Қабанбай батыр даңғылы, Керей, Жәнібек хандар көшесі қиылысындағы спорт алаңы).

Сағат 10.00 - «Жігер» спорт клубы жаттықтырушыларының құзға шығудан шеберлік сабағы және «Ашық есік» күні шарасы («Мега Астана» ОСО).

Сағат 11.00- «Қазақстан» спорт сарайы қызметкерлері арасында футболдан және үстел теннисінен жарыстар («Қазақстан» спорт сарайы).

Сағат 11.00- «Астана ЭКСПО - 2017» веложарысы («Бәйтерек» монументі алаңы).

Сағат 10.00-14.00 - Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар («Дар» қоғамдық қоры) үшін бассейнге, футбол алаңына, тренажер және теннис залына «Ашық есік» күні шарасы. («Алатау» спорт сарайы).

Сағат 14.00 - Сарыарқа ауданындағы аула клубтары арасындағы жасөспірімдердің шағын футбол турнирі (Регламент бойынша).

Сағат 11.00 - Жеңіл атлетикадан жарыс (Қалалық шаңғы-роллерлік жолы)

17-18 тамыз
Сағат 10.00-13.00 - Шахматтан және тоғызқұмалақтан мерекелік турнир (Х.С.Хәкімов атындағы шахмат клубы).

17-18 тамыз
Сағат 09.00 - Балалар мен жасөспірімдер арасында жүзуден, үстел теннисінен және қоян-қолтық ұрыстан жарыстар («Динамо» СК).

17-18 тамыз
Сағат 12.00 - Бокстан балалар мен жасөспірімдер арасындағы Астана және Новосібір қалалары командаларының жолдастық кездесуі (№3 БЖСМ).

17-18 тамыз
Сағат 10.00-15.00 - Ата -аналараға арналған мерекелік «Көңілді старттар» жарысы (№1 БЖОРСМ).

17-18 тамыз
Сағат 10.00 - Теннистен балалар мен әуесқойларға арналған «Қызғылт сары доп» мерекелік турнирі («Дәулет» СК).

18 тамыз
Сағат 10.00 - «Дәулет» спорт кешенінде «Ашық есік» күні шарасы («Дәулет» СК).

18 тамыз
Сағат 12.00 - Баскетболдан әуесқой командалар арасындағы жарыстың финалдық ойындары («Самал» ш/а спорт ауласы).

18 тамыз
Сағат 10.00 - «Салауатты ұлт - салауатты ұрпақ» спорттық акциясы («Дәулет» СК).

Футбол. 1 лига.

17 тамыз, сағат 19.00 - «Астана - 1964» - «Спартак» (Семей)

20 тамыз, сағат 19.00 - «Астана - 1964» - «Екібастұз» (Достық» спорт кешені).