Қолғапты боксшылар Мэн штатындағы Льюистон қаласындағы қарымта шайқаста киген. Әли шайқас басталғанан кейін екі минутқа жетпей қарсыласын нокаутқа жіберіп, теңдессіз жеңіс үлгісін көрсеткен.
Агенттіктің жазуынша, жарыс аяқталғаннан кейін екі қолғапты да төреші Джордж Руссо (George Russo) алып, жылдар бойын үйінде сақтап келген. Кейін ол оны Калифорнияның коллекционеріне сатқан. Ал, қолғаптардың бүгінгі сатып алған иегері кім екені хабарланбады.