СПОРТ: Олжас Абраев УЕФА-ның бірінші санаттағы судьялары қатарына қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА-ның 2015/16 маусымдағы футбол төрешілерінің тізімі жарияланды, деп жазады Sports.kz.

Төрт санаттан тұратын футзал тізіміне екі қазақстандық төреші енді. Бірінші санатқа 30 жастағы астаналық Олжас Абраев кірсе, үшінші санатқа қостанайлық 30 жастағы Талғат Қосмұхамбетов қабылданды.