СПОРТ: Ресейлік бапкер «Ертістен» кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық «Ертіс» футбол командасының бапкері Дмитрий Черышев қызметінен кетті, деп хабарлады Sports.kz.

Спорт сайтының хабарлауынша, бұл ақпарат ресми түрде ертең таңертең нақтыланбақ. Айта кету керек, ресейлік бапкердің жетекшілігімен «Ертіс» осы маусымда бір рет қана жеңіске жетті. Маусымдағы кездесулердің 5 ойынында тең болса, 5-уінде жеңіліс тапты.