– Қазіргі таңда 13 облыстың спорт басқармасына жаңа басшы бекітілді. Сонымен қатар 27 спорт федерациясында қайта сайлау өтіп, 10 спорт түрі бойынша бас жаттықтырушы жаңадан тағайындалды, - деді спикер.
Вице-министр Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ спортшыларды бюджеттік қаржыландыруға заң жүзінде тыйым салынғанын айтты.
– Бұдан былай кәсіби клубтар шетелдік спортшыларды тәжірибе арттыру немесе клуб әлеуетін көтеру мақсатында шақырған жағдайда мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру қарастырылмайды. Мемлекеттік қаржы тек отандық спортшыларды дамытуға бағытталады, - деді Серік Жарасбаев.
Сонымен қатар бұқаралық және жастар спортын дамыту үшін бюджет ресурстарын қайта бөлу үрдісі ескеріле отырып, кәсіби спорт клубтарын қаржыландырудың шекті деңгейі белгіленеді. Бұл шектеу айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) белгіленген мәні негізінде жасалады.
Бұған дейін Қазақстан спортында басым бағыттар белгіленгенін жазғанбыз.
Сонымен қатар Шетелдік спортшыларды бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынатыны жайлы хабарлаған едік.