Спорт сарайындағы жаппай улануға қатысты қылмыстық іс қозғалды - Астана прокуратурасы
деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.
Ауруханаға 14 бала мен 22 ересек адам жеткізілді. Олар Өскемен және Астана қаласының хоккей командаларының мүшелері, «Қазақстан» спорт кешенінің келушілері мен қызметкерлері.
Зардап шеккендердің түгелі уланудың салдарын Спорт сарайының ішінде орналасқан «Олимп» мейрамханасындағы тамақтанумен байланыстырады.
Алдын ала жасалған болжам бойынша асты дайындау кезінде азық-түліктің екінші контаминациясы мен қоршаған ортаның салдары, мейрамхананың азық-түлігі уланудың себепшісі болған.
«Эффа» ЖК санитарлық-эпидемиологиялық тексерудің барысында тазалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы саласында аталған заңнама ережесінің көптеген бұзушылықтары анықталды.
Анықталған бұзышылықтарға байланысты нысан санитарлық тазалауға жабылды. 3 қызметкер уақытша қызметінен босатылды, мейрамхананың жұмысы тоқтатылды. Жаппай улану фактісі бойынша ағымдағы жылдың 6 сәуірінде прокуратурамен ҚР ҚК-нің 267 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта алынған нұсқалардың зертханалық тексеруі өтуде, уланған адамдардың жағдайы қалыпты деп бағалануда.
«Қазақстан» спорт сарайының қонақ үйінде медициналық көмек көрсету бригадасының кезекшілігімен медициналық тексеру ұйымдастырылды.
Эпидемияға қарсы шара жалғасуда, тексеру амаладары жүргізіліп жатыр.