Спорт төрешілерінің дені зейнет жасында немесе зейнетке таяп қалған – министр

ЩУЧИНСК. ҚазАқпарат – Елімізде спорт төрешілерінің тапшылығы туындауы мүмкін. Және бүгінде елде бар төрешілердің көбі зейнет жасында. Аталған мәселені ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев көтеріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде жаттықтырушылардың дені зейнет жасында немесе зейнетке таяп қалған. 5-6 жылдан кейін бізде кадр тапшылығы туындауы мүмкін. Осыған байланысты жаттықтырушылардың жалақысын даярлау мен олардың жалақы мәселесін шешу жөнінде Үкіметке ұсыныс береміз. Және оларды материалдық ынталандыру мәселесін пысықтаймыз», - деді Дәурен Абаев Щучинскіде өткен Бейжіңде өткен XXIV қысқы олимпиада ойындарының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыста.

Оның айтуынша, ұлттық құрамда ел намысын қорғайтын талантты спортшылар жеткілікті.

«Спорт ұйымдарын қаржыландыруды оңтайландыруды талап етеді. Инфрақұрылымды жақсарта түсу үшін қаржы керек. Мысалы, кейбір спорт мектептерінің мүмкіндігі аз, барлық жарыстарға шыға алмайды. Одан қалды жаттығу құралдары ескірген. Ал бүгін спорт секциясына қатысып отырған бала, ертеңгі чемпион ғой. Сондықтан спорт мектептерін қажетті жабдықтармен қамту өте маңызды», - дейді ол.