СПОРТ: Виктория Зябкина Универсиададағы 100 метрлік сында «алтынға» ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына жеңіл атлетика бойынша алғашқы жүлде түсті. Спринтте қазақстандық Виктория Зябкина үздік атанды.

Ол 100 метр қашықтықты 11.23 секундта бағындырды. Екінші орында ямайкалық Шимайра Кристал Уильямс, ал үздік үштікті ресейлік Елена Козлова тұйықтады.

Бұл осы Универсиада ойындарында Қазақстанның қоржынына түскен екінші алтыны.