СПОРТ: Яя Туре тағы да Африканың үздік футболшысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Манчестер Сити» клубы мен Кот-д'Ивуар құрама командасының жартылай қорғаушысы Яя Туре осымен төртінші рет жыл қатарынан ең үздік африкалық ойыншы атанды, деп хабарлады ВВС.

31 жастағы футболшы 2014 жылы өзі ойнайтын клубтың ағылшын премьер-лигасында және Англия лигасының кубогында жеңіске жетуіне бар күшін салды. Сонымен қатар, ұлттық құраманың сапында команданың 2015 жылы Африка кубогіне қатысуына жолдама алуына септігін тигізді. «Үздік африкалық ойыншы» атағы 1992 жылдан бері Африка футбол конфедерациясының тағайындауымен беріліп келеді. Яя Туреге дейін ешкім қатарынан төрт жыл аталған сыйлықты алып көрген емес. Камерундық Самюэль Это`О да 4 рет алғанымен жыл сайын бұл сыйлыққа қол жеткізген емес.