Конкурсқа бұрын жеңімпаз атанбаған және 2006 жылға дейінгі уақыттағы осы жүлдені сарапқа салудың өткен кезеңінің жеңімпазы болған журналистер қатыса алады, яғни конкурста жеңіске жеткеннен кейінгі өткен уақыт 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Сыйлық жылына бір рет, үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық - орыс тілінде жарияланған материалдарға белгіленген.
Өтінімдер мен мақалалар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25 (11-қабат) «Аңсар» бизнес-орталығы, ҚР Туризм жэне спорт Министрлігі Спорт комитетінің ҰШК және СРД баспасөз қызметі («2011 жылғы С. Бердіқұл атындағы конкурсқа» деген белгімен).
Үміткерлер 2011 жылдағы жұмыстарын мына тақырыптар бойынша тапсыруы тиіс:
1.Әлем және Азия чемпионатында, Әлем Кубоктарында, мәртебелі Халықаралық жарыстарға және де Қазақстан біріншіліктеріне арналған шолу жасау (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.)
2.Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын, (Спартакиадалар, турнирлер, Форумдар, Паралимпиалық ойындар, Ұлттық спорт түрлері фестивалі) т.б. насихаттау.
3. Астана және Алматы қалаларында өткен 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына арналған мақалалар, материалдар, хабарлар,очерктер.
Конкурстың жеңімпаздары, «Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты» деген арнайы төсбелгімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.
Берілген ақпаратты ҚР Туризм және спорт Министрлігінің (www.mts.gov.kz ) және ҰШКжСР Дирекциясының (www.kazsports.kz ) сайттарынан табасыз. Лауреаттардың есімдері ҚР БАҚ-тарында және жоғарыда көрсетілген сайттарда орналасады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 91 15 29, немесе 8 701 367 18 34.
АНЫҚТАМА: Шығармашылыққа толы Сейдахмет Бердіқұлдың (1932-1994 ж.ж.) барлық өмірі әлемдегі бейбіт әрі игілікті сала - спортпен байланысты болды. Қазақстанның спорт журналистикасындағы ұлы мэтрдің еңбектері отандық публицистиканың үздік туындылары болғаны сөзсіз.
Ол өзінің «спорттық жазбаларын» өткен жүзжылдықтың 50-60 ж.ж. «Лениншіл жас» газетінде бастады, алдымен спорт шолушысы, одан кейін 1986 жылға дейін осы басылымның бас редакторы болды. Кейіннен тағдырдың жазуымен ол «Жалын» баспасында бас редактор болып қызмет атқарды. Бердіқұл «Қазақстан пионері» газетінің редакторы болып та жұмыс істеді. «Талантты адам барлығында талантты» мәтел осындайда айтылған болар.
Сейдахмет футболды ұнататын. Ол футболдың нағыз жанкүйері болды. Спортқа адалдығының арқасында тағдырдың екі бірдей сыйына ие болды. 1966 жылы Англияда өткен Әлем чемпионатына баратын КСРО спорт журналистері делегациясының құрамына біздің жерлесіміз де қосылды. Ал төрт жылдан соң шалғай Мексикада өткен былғары доп шеберлерінің футбол фестиваліне барды. Осы сапарларының жемісі ретінде Отанына оралғаннан кейін туған атақты кітаптарын, очерктері мен мақалаларын атауға болады.
Спорт комитеті 1994 жылы Қазақстанның үздік спорт журналистеріне Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлық белгіледі. Қазіргі таңда есімдері елімізге жақсы таныс журналистер - Несіп Жүнісбай, Қыдырбек Рысбек, Юрий Лифинцев, Дидар Төлеуіш, Ңұрғазы Сасаев, Ғалым Сүлеймен, Ақын Ордабай, Әрсен Саттар, Мәди Манатбек, Ілияс Жолдас, Фархад Изизов, Валерий Ильин, Рабат Жәнібек, Лаура Барлыбаева, Павел Цыбулин, Сәдібек Түгел, Өмірзақ Сұлтанов, Анатолий Гаврилов, Телжан Қүдеров, Гүлстан Қанат, Мұсағали Тасқалиев және тағы басқалары осы сыйлықтың иегерлері атанды.