Спорт журналистері арасында дәстүрлі Сейдахмет Бердіқұлов байқауы өтеді

АЛМАТЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен ҚР Спорт баспасөзі қауымдастығы Қазақстанның БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұл атындағы жыл сайын өтетін байқаудың басталғанын жариялады. Ол жылына 1 рет 3 жеңімпазға тапсырылады. Олар «Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты» деген арнайы төсбелгімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.

Үміткерлер өз өтініштерін Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз-қызметіне «2013 жылғы С. Бердіқұл атындағы байқауға» деген белгімен 5 желтоқсанына дейін жіберуі керек. Олар өз жұмыстарын мына тақырыптар бойынша тапсыруы тиіс: Олимпиада ойындарын іріктеу жарыстарына, Әлем және Азия чемпионатына, Әлем кубоктарына, мәртебелі халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.). Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын, (Спартакиадалар, турнирлер, Паралимпиалық ойындар, Ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты ойындары) т.б. насихаттау. Елімізде дене шынықтыру және спорт саласы бойынша проблемалар көтеру және оның шешу жолдарын көрсетіп беру.