«Мемлекет басшысы спортқа ұдайы көңіл бөліп келеді. Біздің алдымызға Президент қойған міндеттердің бірі спортпен шұғылданатын бұқара халықтың санын 30 пайызға жеткізу. Тұтастай алғанда, Елбасының тапсырмасы орындалып келеді, бұл көрсеткіш бүгінгі күні 26 пайызды құрап отыр. Бүгінгі күні елімізде спорт кешендерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Соның ішінде, Астана мен Алматы қалаларындағы спорт ғимараттары барлық халықаралық талаптар мен стандарттарына сай», - деді жиын барысында Б. Сапарбаев.