«Бүгінде карантинге қарамастан спортпен айналысушылардың саны 378 835 адамға жетті. Бұл жалпы қала тұрғындарының 31,5 пайызын құрайды. Яғни спортпен шұғылданушы астаналықтардың үлесі 1,8 пайызға өскен. Жалпы қаламызда бұқаралық спорттың дамуына барлық жағдай жасалған. Қала әкімінің тапсырмасына сай жақында спорт колизейі ашылды. Сондай-ақ, көпшілікке арналған Триатлон паркі, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-і жанындағы көпір астында арнайы спорт алаңы да жұмыс істеп тұр. Қала саябақтарының барлығы дерлік дерлік воркаут алаңдарымен қоса жаттығуға арналған құрал-жабдықтармен қамтылған», - деді С. Ерғалиев.
Одан бөлек, С. Ерғалиев елордада велосипед жолаушыларына да мән беріліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта қалада 70 шақырымды құрайтын веложол бар. Алдағы уақытта оны 123 шақырымға жеткізу жоспары тұр.
Бұған дейін басқарма басшысы Нұр-Сұлтанда биыл ашылған спорттық нысандардың жұмысымен таныстырды.
Одан бөлек, елордада спорттық-медициналық орталықтың ашылатыны айтылды.