Спортшыға төрт күн қатарынан жарысқа шығу қиын – Александра Ленің жаттықтырушысы
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Олимпиадашыларға үлкен міндет жүктелді. Александра Ле өзіне артылған жауапкершілікті сезініп, ел намысын барынша абыроймен қорғады. Мұндай пікірді спортшының жаттықтырушысы Ольга Довгун айтты.
Ольга Довгун Александра Ленің жүлделі орыннан көріне алмауының бірнеше себебін атады.
«Жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындау өте үлкен жұмыс, әсіресе психологиялық тұрғыдан. Кеше ғана қола медаль алып, келесі күні финалға шықты. Төртінші күні жарысқа қайта шықты. Бұл спортшыға өте қиын. Сонымен қатар жас спортшы мұндай жарыс дәрежесіне алғаш рет шығып тұр. Жарайды, оның алдында әлі талай белес бар. Ол ақылды», - деді жаттықтырушы.
Ол сондай-ақ алматылықтар мен Қазақстанның барлық тұрғынына спортшыларды қолдағаны үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, бүгін қазақстандық мерген Александра Ле Олимпиаданы 6-орынмен аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, Александра Ле бұған дейін аралас жұптық сайыста Ислам Сәтпаевпен бірге Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.