Спортшылар Мемлекет басшысына елімізді рекордтарымен қуантамыз деп уәде берді

АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Қазіргі уақытта Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіретін кешен әлемдегі ең заманауи кешен болып табылады, ол барлық халықаралық параметрлерге сай салынды және барлық талаптарға сәйкес келеді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы аталмыш спорт кешенін аралау барысында мәлім етті.

Бұрын хабарланғандай, бұл жерде Азиада-2011 қысқы ойындары аясындағы сайыстар өтетін болады. ҚР Шаңғымен тұғырдан секіру федерациясының өкілдері мен ұлттық құрама спортшылары Мемлекет басшысымен әңгімелесу барысында болашақта талантты спортшыларды тәрбиелеп шығаруға көмектесетін жаттығу трамплиндерінің қажеттілігі туралы өз ойларын білдірді.

Спортшылар Елбасын және елімізді өздерінің рекордтарымен қуантамыз деп уәде берді.