Шараны ұйымдастырушылар «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы, ҚР Тұңғыш Президентінің музейі, Қазақстан Футбол федерациясы болды. Әлеуметтік акция футболдан Қазақстанның Ұлттық құрамасының қатысуымен жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу жарысының алдында өткізілді. Белгілі футболшылар балаларға арнайы дайындалған сыйлықтарды табыстады. Балалар Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасымен естелікке фотоға түсіп, спортшылардың қолтаңбасын алды.
20:36, 03 Қыркүйек 2014
Спортшылар мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар сыйлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Балаларға бақыт сыйлайық!» акциясы өтті. Оған 6-14 жас аралығындағы балалар қатысты.