Спортшылар номерлеріндегі бейберекетке байланысты Олимпиадалық қалашық басшысын жұмыстан шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиадалық қалашық директоры Марио Силентиді тұрғын үй кешеніндегі бейберекетке байланысты жұмыстан шығарды.

Олимпиадалық комитеттің тексерушілері кейбір ғимараттарда төбеден су тамшылап, туалеттердегі плиткалардың сынғанын, электр сымдарының ақаулығын анықтаған. Сондай-ақ бұдан басқа бірнеше номерлерде кереует пен унитаздар болмаған, деп хабарлайды life.ru.