Екі аптада қатысушылар Аргентина мен Боливия аумағы бойынша тоғыз мыңнан астам шақырым жолды жүріп өтті. Әйгілі жарыстың қорытындысы бойынша, «Astana Motorsports» командасы 11-ші, ал «Kazakhstan» құрамасы 25-орын табан тіреді.
Еске сала кетейік, жүк көліктер сапында «Astana Motorsports» экипажы қатысты. Оның құрамында «Дакар 2012» жарысының қола жүлдегері Артур Ардавичус, 2015 жылғы ралли-рейд бойынша әлем кубогінің жеңімпазы Игнат Фальков және механик Филип Скробанек болды.
Жеңіл көліктер жарысында «Kazakhstan» командасы өнер көрсетті. Оның құрамында Андрей Чередников және Дмитрий Цыро болды. Олар жарыс алаңына «Ford F150 EVO» автомобилімен шықты.