Спорттық гимнастика: Бакудегі әлем кубогы кезеңіне ел құрамасынан кімдер қатысады

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Әзербайжанның Баку қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. 

– Турнир 5-8 наурыз аралығында өтеді, - деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан құрамасынан аталған додаға төмендегі спортшылар қатысады:

– Милад Карими

– Нариман Курбанов

– Дмитрий Патанин

– Диас Тойшыбек

– Зейнолла Ыдырысов

– Эвелина Ежова

– Радмилла Тарасова

Айта кетейік, бұған дейін батуттағы гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы үздік ондыққа енгенін хабарлағанбыз.