Спорттық гимнастика: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында жүлдеге ілікті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ұлттық құрама командалық көпсайыста үшінші орынға көтерілді.

Жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұртаң Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Өмірсерік Досжан.

Жапония гимнасшылары ешкімге дес бермесе, Оңтүстік Корея құрамасы екінші орынға ие болды.

Бұған дейін Қазақстан ересектер құрамасы да Азия чемпионатында командалық көпсайыста үшінші орынды еншілеген болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.