АСТАНА. KAZINFORM – 1–8 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді.
Қазақстан гимнастика федерациясынан мәлім еткеніндей, айтулы додада қазақстандық спортшылар ел намысын қорғайды.
Атап айтқанда, ұлттық құрамаға мына спортшылар енді:
Милад Карими (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар),
Ілияс Әзізов (жекелей көпсайыс),
Дмитрий Патанин (жекелей көпсайыс),
Нариман Құрбанов (ат снарядындағы жаттығу),
Әлішер Тойбазаров (жекелей көпсайыс),
Роман Маменов (жекелей көпсайыс).
Жасөспірімдер:
Нұртан Ыдырысов (жекелей көпсайыс),
Роман Хегай (жекелей көпсайыс),
Артём Ковалёв (жекелей көпсайыс),
Владислав Бабушкин (жекелей көпсайыс, еркін жаттығу, ат снарядындағы, сақиналар және қоссырықтағы жаттығу),
Андрей Терман (жекелей көпсайыс, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығу),
Өмірсерік Досжан (қосалқы спортшы, жекелей көпсайыс).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Милад Каримидің әлем кубогы кезеңінде алтыншы алтынын жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).