Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Францияда жаттығып жатыр
13:35, 17 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Францияда жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Команда бас бапкері Александр Кимнің айтуынша, спортшылар күн сайын дайындық кезеңінен есеп беріп отыр.
Бір апталық жаттығудан соң спортшылар Олимпиадалық ауылға қоныстанады.
Ал спорттық гимнастикадан жарыс 27 шілде күні басталмақ.