Спорттық гимнастикадан Нұртаң Ыдырысов жасөспірімдер арасында Азия чемпионы болды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM - Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында Нұртаң Ыдырысов алтын медаль алды.

Қос сырық жаттығуында Нұртаң Ыдырысов финалда 13.933 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті.
Күміс медальды Оңтүстік Корея өкілі Ча Йеджунда (13.833 ұпай) алса, үздік үштікті жапониялық Томохару Танида 13.333 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетсек, Нұртаң бүгін жекелей сындағы 5 жаттығудың финалында сынға түсіп, 1 алтын, 1 күміс жеңіп алды.

Бұдан бұрын ат снарядындағы жаттығуда ел құрамасынан Роман Хегай төрешілердің шешімімен 13.800, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпаймен алғашқы екі орынды бөлісті. 

Сондай-ақ Нариман Құрбанов ат снарядындағы сайыста бас жүлде алса, Милад Карими еркін жаттығудан күміс медальға қол жеткізді. 

Оған қоса ұлттық құрама командалық көпсайыста үшінші орынға көтерілді. Құрама сапында Нұртаң Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Өмірсерік Досжан ел намысын қорғады.

Азия чемпионатында командалық көпсайыста қазақстандық спортшылар үшінші орынды еншілеген еді.