АСТАНА. KAZINFORM - Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен спорттық құзға өрмелеу бойынша жарыста қазақстандық Әмір Маймұратов Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды.Қазақстандық спортшы финалдық раундта екінші орын алған еді. Бұл нәтиже оған Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік жасады.
Айта кетсек, Маймұратов таяуда ғана 15 метрлік қабырғада Қазақстанның рекордын орнатқан болатын.
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Дүбірлі додаға 205 мемлекеттің 10,5 мың спортшысы 32 түрінен қатысады. Бүгінгі таңда бізде 22 спорт түрінен 78 лицензия бар.
Қазақстандық спортшылар Жазғы Олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері өатысып келеді.
Қазірге дейін барлығы 71 медаль еншілеген. Оның 14-і – алтын, 21-і – күміс, 36-сы – қола. Олардың арасынан былғары қолғап шеберлерінің жеңіс тұғырынан көрінгені көп жайды айғақтайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.