Бұған дейін хабарлағанымыздай, Серік Қонақбаев AIBA сайлау комиссиясының ұйым президенттігіне қатысу құқығынан айыру туралы шешімінен кейін Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) жүгінген болатын.
«Спорттық арбитраждық сот Қонақбаевтың шағымын қанағаттандырды және АІВА-ға оны президентке кандидаттар тізіміне қосуға міндеттеді. Сот сайлау комиссиясы Қонақбаевты жақтап бірқатар ұлттық бокс федерациялары ұсынған өтінімдерді заңсыз қабылдамаған деп есептейді. Дауыс беру 3 қарашада Мәскеуде өтетін АІВА конгресінде жүргізіледі», - деді федерациясы баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, Серік Қонақбаев АІВА президенті болуы мүмкін екендігін жазған болатынбыз.