Дауыс беру қорытындысы бойынша қыркүйек айының үздік спортшысы атағын спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының өкілі Милад Карими жеңіп алды.
Дауыс беру рәсіміне бес үміткер қатысты. Олар – Милад Карими (спорттық гимнастика), Дарын Қонысбаев (триатлон), гандболдан Қазақстан әйелдер командасы, нысана көздеуден және регбиден 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар командасы қатысты.
8 қазан күні сағат 12:00-де дауыс беру аяқталды. Осы аралықта Милад Карими жеңіске жеткен. Гимнаст 73,19 дауыс жинады.
Оның ізін ала регбиден Қазақстан қыздар командасы орналасса, үздік үштікті нысана көздеуден Қазақстан командасы иеленді.