Спорттық гимнастикадан жастар арасындағы ел чемпионатында астаналықтар олжалы болды

АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 15-20 қараша күндері Шымкент қаласында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты өтті.

Онда Астана қаласының намысын қорғаған № 1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жоғары нәтиже көрсетті. Қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 спортшы 3 алтын, 5 күміс олжалады. Атап айтқанда ер балалар арасында Марк Герун, Саят Қыпшақов, Дмитрий Потанин жүлделі орындарға ие болды. Ал қыздар арасында Аида Бауыржанова, Вероника Духовнова, Юлия Бородач, Виолетта Потапова, Марина Екатерина көзге түсті.

Бұған дейін астаналық көркем гимнастар 11-15 қарашада Барнаул қаласында (Ресей) өткен «Алтай үміті» деп аталатын ашық біріншіліктен де табысты оралған еді.