Спорттық кешендердің халыққа қызмет көрсету сапасы тексерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы спорттық кешендер қарапайым халыққа сапалы қызмет көрсету үшін салынған. Бұл қаншалықты орындалып жатыр? Соны тексеру үшін бүгін Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия спорт кешендерін аралап қайтты, деп жазады 24.kz.

Нысанаға іліккен бірінші мекеме - Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі. Комиссия мүшелері спорттық инфрақұрылымның бұқара халыққа қолжетімділігі, қызмет көрсету түрлерінің сапасы, мүгедек азаматтардың спортпен шұғылдануға мүмкіндігі сияқты мәселелерге назар аударды. Мұндай тексеру жұмыстары республиканың өзге де өңірлерінде жалғасын табады.