Спорттық құзға өрмелеуден Әлем чемпионаты: Ришат Хайбуллин «қола» еншіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спорттық құзға өрмелеуден Жапонияның Хатиодзи қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық Ришат Хайбуллин қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ришат Олимпиадалицензиясы таратылатын «көпсайыс» бағдарламасы бойынша әлемдегі үздікүш спортшының қатарына еніп отыр. Көпсайыс қатарына боулдеринг, жылдамдық жәнеқиындық бойынша жарысу енген.

«Жылдамдық»бойынша Ришат ең үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орыннан көрінді. Ол5.915 секундта берілген қашықтықты жүріп өтіп, әлем рекордын жаңартуға бірқадам жақындады.

«Боулдеринг»бойынша Хайбуллин сегізінші орын алса, ең шешуші кезең саналатын«қиындықта» бесінші орыннан көрінді.

Жарыс нәтижесіндеүш кезеңдегі ұпайлар есептеліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған.

Ришат ХайбуллинОлимпиада лицензиясымен бірге әлемдік сынның қола жүлдесін иеленіп отыр. Алтынмедальді Жапония өкілі Томоа Нарасаки, күміс жүлдені австриялық Якуб Шубертиеленді.

Айта кетейік, бұғандейін спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан спортшылары әлем біріншілігінен жүлдеалмаған. Сондай-ақ, Ришат аталған Әлем чемпионатының финалында өнер көрсеткенТМД елдерінің жалғыз өкілі.

Ришат Хайбуллин Әлемчемпионатының қола жүлдесімен бірге Олимпиада жолдамасына ие болғанын естеріңізгесаламыз.

Соңғы жаңалықтар